Жаңалықтар

Академия Әзербайжанның Мәдениеттану ғылыми-зерттеу орталығымен меморандум бекітті

1518

Бүгін Астана қаласында Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) мен Әзербайжан Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі жанындағы Мәдениеттану ғылыми-зерттеу орталығы арасында екіжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Академия басшысы Дархан Қыдырәлі мен Орталық президенті Асиф Усубалиев қол қойған меморандум Түркі әлемі халықтарының мәдениетін жан-жақты дамытуға бағытталады.

Memorandum - Azerbaijan-1.JPG

Тараптар ғылыми-танымдық құндылығы бар зерттеу жинақтарын, ғылыми-әдістемелік құралдар мен кітаптарды бірлесіп жариялауға, түркі мәдениетін таныстыратын ортақ жиындар мен шаралар өткізуге, түркі халықтары дәстүрлі мәдениетінің тәрбиелік әлеуетін ашуға, ортақ бағдарламалар әзірлеуге, сонымен бірге өзара ақпараттық қолдау көрсетуге келісті.

Айта кету керек, TWESCO бұған дейін тамыры мен тарихы ортақ бауырлас Әзербайжанның Ұлттық ғылым академиясы, Халықаралық Мультикультурализм орталығы, Әзербайжан мемлекеттік экономикалық университеті сияқты іргелі ұйымдарымен меморандумға қол қойған. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы