Жаңалықтар

Түркі академиясы латын әліпбиіне өтуге арналған жиын өткізді

1650

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Астана қаласында латын әліпбиін жаңғырту мәселелеріне арналған жиын өткізді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жүктейтін бірқатар тапсырмаларды жүзеге асыру жайы талқыланған алқалы жиынды Академия басшысы Дархан Қыдырәлі жүргізіп отырды.

Келелі жиынға көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мекемтас Мырзахметұлы, Түркі кеңесі Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов, ҚР ҰҒА академигі Болат Көмеков, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, сонымен қатар белгілі түркітанушы және тілтанушы ғалымдар қатысты.

«Eurasian Book Fair – 2017» халықаралық кітап көрмесі аясында ұйымдастырылған шараға қатысушылар Елбасы алдағы жылдары қолға алуды қажет ететін жобалардың бірі ретінде ұсынған қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру төңірегіндегі пайымды пікірлерімен бөлісті. Латын әліпбиіне өткен өзге түркі халықтарынының тәжірибелеріне тоқталып, әліпбиді енгізудің өзекті мәселелері мен механизмдерін сөз етті. Мамандар бірауыздан латын әліпбиіне көшу – бауырлас түркі халықтармен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, ғылыми интеграцияны арттырады деген пікірмен келісті.

Осы ретте Е.Қажыбек «Ортақ латын әліпбиі - рухани еркіндіктің рәмізі», ал Ә.Жүнісбек «Латын әліпбиін жаңғыртудың өзекті мәселелері» тақырыптарында арнайы баяндамалар жасады.


Айта кету керек, жиын барысында Халықаралық Түркі академиясы ғылыми жобаларының бірі ретінде жариялаған профессор Әлімхан Жүнісбектің «Түркі ортақ латын әліпбиі» атты монографиясын көпшілікке таныстырды. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы