Жаңалықтар

Астанада мажар шығыстанушысы Алмашиды еске алу шарасы өтті

514

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Мажарстанның Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп белгілі Мажар шығыстанушысы, этнограф-ғалым Дьёрдь Алмашидің туғанына 150 жыл толуына орай семинар және фотосурет көрмесін өткізді.

    

Көрменің ашылу салтанатында Академия басшысы Дархан Қыдырәлі мен Мажарстанның Қазақстандағы елшісі Андраш Барани ғалымның өмірбаяны мен ғылыми мұрасы жайлы әңгімеледі.


Ал, семинарда көрнекті мажар түркітанушылары Давид Шомфаи Қара («Алмашидың 1900 жылы Жетісуға жасаған экспедициясы») мен Иштван Шанта («Дьёрдь Алмашидың Орталық Азияға қатысты мұрасы») арнайы баяндамалар жасап, ғылыми зерттеулерімен бөлісті. 



Сонымен бірге, жиынға қатысушыларға Алмашидың Орталық Азияға тұңғыш сапары жөнінде түсірілген деректі фильм ұсынылды.

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада өткен шараға танымал қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, дипломаттар мен түркітанушы-ғалымдар қатысты.


Айта кету керек, Д.Алмаши ХХ ғ. басында Орталық Азияның Іле өзені, Ыстықкөл және Тянь Шань тауы өңірлеріне экспедиция ұйымдастырып, зерттеулер жүргізген ғалым, саяхатшы.



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.