Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясы Өзбекстан Республикасында бірқатар маңызды ғылыми-мәдени ісшараларды өткізді

2006

Атап айтқанда, Ә.Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті, Өзбекстан Республикасы Өнер музейі, Өзбекстан Жазушылар Одағымен бірлескен  шаралар бауырлас халықтардың   ынтымақтастығына  жаңа серпін берді.

    Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында Өзбекстандағы Абай жылы аясында   Ә.Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетімен бірлесіп  өткізген ғылыми конференцияда түркі әлемінің  рухани дамуына  қатысты келелі мәселелері талқыланды.  Жиында Халықаралық Түркі академиясының мұрындық болуымен  өзбек тіліне аударылған Мағжан Жұмабаевтың «Танланган асарлар» атты  таңдамалы жыр жинағының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды. Классик ақынның жырын өзбекше сөйлеткен Қарақалпақстанның халық ақыны  Музаффар Ахмадтың омырауына  академияның күміс медалі тағылып, арқасына зерлі  шапан жабылды.  Мағжан ақынның жинағына ғылыми түсініктер жазып, ақын туралы  бағалы зерттеулер сериясын жазып жүрген  филология ғылымдарының докторы, профессор  Насимхан Рахманов академияның күміс медалімен марапатталды.  Шығармашылық топ  алдағы  уақытта  Абай  Құнанбаевтың  туындыларын өзбек тіліне аудару, зерттеу ісін  бірлесіп  жүргізуге  байланыстар  орнатты.

     Конференцияда түркі әлемінің тұғырлы тұлғалары  Әлішер Науаи,  Мағжан Жұмабаев, Ш.Айтматов шығармалары әр қырынан сарапқа салынып,  жалпы адамзаттық  ақыл-ой қазынасына қосылған бірегей  қазына екендігі дәйектеле түсті. Баяндама жасаған   белгілі түролог, филология ғылымдарының докторы   Қ.Қоңқабаев, филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ергөбек бастаған ғалымдар түркі әлемінің жарық жұлдыздарының тағылымына терең талдаулар жасады.    

      Аталмыш университетте академияның қолдауымен   Халықаралық Түркологиялық зерттеулер орталығы ашылды. Сонымен бірге  академия мен университет арасында  әріптестік туралы Меморандум жасалды.
Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук