Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясы Моңғолия ақпарат құралдарында

2088

Қазақстан-Моңғолия үкіметаралық комиссиясының кезекті 7-ші отырысына қатысқан Моңғолия Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі С.Чинзориг бұл сапарын «Екі елдің қатынасын жаңа сатыға шығарған, қысқа уақыт ішінде көп нәтижеге қол жеткізген табысты сапар» деп баға берді.

«Астанада қыстың лебі әлі бар болғанымен үкіметаралық комиссия жиынына қатысушылар мәжіліс залын жылы шыраймен, меймандос көңілмен жылытып тұрды» дейді (http://ubsonin.mn/index.php?newsid=1515) министр мырза.

Сапар жайында Моңғолияның БАҚ-тарында көптеген мақалалар, сұхбаттар, жолбелгілеулер жарық көре бастады. «Астанада Моңғол министрін тостағанмен сүт ұсынып қарсы алды» (http://olloo.mn/n/51940.html), «Астанадан алар алтын тәжірибелер»(https://www.news.mn/?id=275134), «Астанамен археология саласында бірлесе жұмыс жасаймыз» (http://news.zindaa.mn/2bli), Моңғолияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Л.Баттулга мырзаның «Қазақстан алтын өндірісі «ноу-хауын» Моңғолияға тегін береді» деген сұхбаты жарық көрді ( http://medee.mn/main.php?eid=105135 ).

Моңғолия Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі С.Чинзориг өзінің ФБ парақшасына жазған бір белгілеуіне «Түркі академиясында қонақта болғаным» деген арнайы тақырып берген (https://www.facebook.com/Chinzoriguvurhangai/posts/2066452740305817).

«Астанада біз қонақ болған ұжымның бірі – Халықаралық Түркі академиясы. 2010 жылы Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен орнаған академияға барғанымызда олар моңғол салтымен көк шаршы орамал ұсынып, тостағанға сүт құйып алдымнан қарсы алды, ұжым түркі тілді халықтардың тарихы, бүгіні, болашағы туралы кешенді зерттеу жасайды екен. Онда тарих, этнография, археология, түркі тілді халықтардың рухани мәдениетін зерттеген, ол туралы жасаған дүниелер, еңбектер, ғылыми туындылар көп. Академия Моңғолия ҒА Тарих, археология институтымен бірлесіп қазба жұмыстар жасаған, Моңғолияның Бұлғын аймағы жеріне орналасқан Түркі дәуірінің Шивээтулаан кешенін бірлесіп қазба жүргізген, тағы осындай ортақ жобаларды бізге терең таныстырды» деп Халықаралық Түркі академиясы жұмысына ризашылықпен баға береді.



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы