Жаңалықтар

Моңғолия мәдениет министрі Академия жұмысына қолдау көрсетуге әзір

1783

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында Моңғолияның Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Гэлэгпил Чулуунбаатар мырзамен кездесті.

Екіжақты кездесуде Академия басшысы ұйымның жүзеге асырылып жатқан жобалары жөнінде әңгімелеп, келешектегі жоспарларымен бөлісті. Сонымен бірге, Академия ұйымдастырумен Моңғолияда басталған «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» атты ІІІ халықаралық экспедицияның мақсатымен таныстырып, маршруты жөнінде мәлімет берді.

Өз кезегінде министр Г. Чулуунбаатар Халықаралық Түркі академиясының жұмысымен етене таныс екенін айтып, жоғары баға берді. 


Академия мен Моңғолия арасында қалыптасқан қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ келешекте бірлескен жобалар жүргізіп, моңғол елінде жоспарланған ғылыми бастамаларға өз тарапынан мейлінше қолдау көрсетуге әзір екендігін жеткізді. Сонымен бірге халықаралық экспедиция жұмысына сәттілік тіледі.

Кездесу соңында Д.Қыдырәлі министрге көрсеткен құрметі мен ықыласы үшін алғыс білдіріп, Академия басып шығарған құнды ғылыми еңбектерді тарту етті.


Айта кету керек, TWESCO Моңғолияның белді ғылыми-зерттеу ұйымдарымен меморандумға қол қойып, тығыз байланыс орнатқан. Атап айтқанда, Моңғолия Ұлттық Ғылым академиясымен, Моңғолия Ұлттық музейімен, сондай-ақ Моңғолия ҰҒА жанындағы Тарих, археология институтымен бекітілген өзара ынтымақтастық құжаттары негізінде бүгінде бірнеше жоба сәтті жүзеге асырылып отыр. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы