Жаңалықтар

Түркі әлемінде рухани жаңғыру: Аталар мирасы

677

Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Аталар мирасы» мультимедиалық қорының таныстырылымын өткізді.

Қазақстанның және шетелдің Ұлттық ғылым академиялары, іргелі ғылыми-зерттеу институттары мен дипломатиялық миссия басшылары, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері мен түркітанушы-ғалымдар қатысқан жиынды TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі жүргізіп отырды.


2015 жылғы 11-ші қыркүйекте Астана қаласында өткен Түркі кеңесінің V саммитінде Қазақстан басшысы Н. Назарбаев түгел түркінің рухани мұрасын жинап, насихаттайтын ортақ жоба бастауды тапсырған болатын. «Аталар мирасы» (atalarmirasi.org) - сол тапсырма нәтижесінде жүзеге асқан іргелі жоба.

TWESCO тарапынан дайындалған мультимедиалық қорда әлемдегі түркітілдес халықтардың, ұлыстар мен этникалық топтардың ежелгі заманнан бүгінге дейінгі рухани мұралары топтасқан. Олар жалпы мәлімет, ғылыми зерттеулері, түпнұсқалық транскрипциясы, аудармасы мен фотосуреті, факсимилесі қатар ұсынылып отыр. 


Портал ағылшын, қазақ, орыс және түрік тілдерінде дайындалған. Деректер тақырыбына қарай Түрк халықтарының жазу тарихы; Ежелгі жазба мұралары; Көне түрік бітік жазулар; Халық қазынасы; Ортақ жазба әдебиет нұсқалары; Ұлттық әдебиет үлгілері; Археологиялық ескерткіштер; Этнографиялық жәдігерлер және Газет-журналдар атты негізгі 9 бөлімге жинақталған.

Академия порталды ғылыми танымдық ақпараттармен ұдайы толықтырып отырмақ.


Айта кету керек, қатысушылар тарапынан оң бағаланған порталдың таныстырылымы ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған «Түркі әлемінде рухани жаңғыру: Тарих. Таным. Тұлға» конференциясы аясында өтті. Сонымен бірге, алқалы шарада қалың көпшілікке «Түркі барометрі» жобасы мен мен оның алғашқы зерттеу нәтижелері ұсынылды. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук