Жаңалықтар

Академия мен ТүрікПА арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

2087

VI Жаһандық Баку форумына қатысу мақсатында Әзербайжанға жұмыс сапарымен келген Халықаралық Түрік академиясының президенті Дархан Қыдырәлі ТүрікПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен кездесті.

Кездесуде ТүрікПА мен Халықаралық Түркі академиясы арасындағы ынтымақтастықтың мән-жайы мен мүмкіндіктері талқыланды.

Алтынбек Мамаюсупов Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев тарапынан «Достық» орденімен марапатталуына орай Дархан Қыдырәліні құттықтап, алдағы қызметінде мол табыс тіледі.

Академия басшысы Дархан Қыдырәлі өз кезегінде Алтынбек Мамаюсуповты ТүрікПА Бас хатшысы қызметіне тағайындалуына орай құттықтап, оған жаңа міндетінде сәттілік тіледі. Академия басшысы Халықаралық Түркі академиясы мен ТүрікПА арасындағы табысты ынтымақтастықтың бұдан былай да жалғасын табатынына сенім білдірді.

Кездесу барысында түркітілдес елдер арасындағы ықпалдастықты тереңдету мақсатында жүзеге асырылған жобаларды одан әрі кеңейтудің қажеттілігіне баса назар аударылып, болашақ ынтымақтастықтың мүмкіндіктері туралы пікір алмасылды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы