Жаңалықтар

Ортақ Түркі тарихы оқулығының соңғы жобасы мақұлданды

2568

Бүгін Астана қаласындағы Түркі академиясы халықаралық ұйымында (TWESCO) Академия әзірлеген XV ғасырға дейінгі «Ортақ түркі тарихы» оқулығының соңғы жобасын талқылауға арналған сарапшылар жиынының  қорытынды отырысы өтті.

Жиында Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Түркияның Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, Түркі кеңесі мен Халықаралық Түркі академиясының сарапшылары, сондай-ақ тарихшы ғалымдар болды.


Арнайы жұмыс тобына кірген сарапшылар Академияда 3 күн бойы (25-27 қыркүйек) аталған оқулықтың жобасын жан-жақты талқылап, қажетті түзетулер енгізу арқылы мазмұнын толықтырды. Талқылауға қатысқан мамандар Түркітілдес елдер Білім министрлерінің IV жиынында қабылданған шешімдерді негізге алған.

Академия басшысы Дархан Қыдырәлінің модераторлығымен өткен жиында тараптар «Ортақ түркі тарихы» оқулығының соңғы жобасын мақұлдады. 


Орта мектептердің 8-ші сынып оқушыларына арналған оқулық ежелгі дәуірден XV ғасырға дейінгі аралықты қамтиды және 7 бөлімнен тұрады.

Жұмыс тобының қорытындысы бойынша арнайы Хаттама қабылданды. 


Ол хаттамаға сәйкес, оқулық жобасы 2018 жылдың наурыз айында Қырғызстанда өтеді деп жоспарланған Түркі кеңесі Мемлекет Басшыларының VI Саммитіне ұсынылатын болады.

Айта кету керек, жиынға қатысушылар XV ғасырға дейінгі «Ортақ түркі тарихы» оқулығын әзірлеп, халықаралық сарапшылар талқысына ұсынған Түркі Академиясының жұмысын жоғары бағалады.



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы