Жаңалықтар

Парижде «Рухани жаңғыру және мәдени мұра: қадымнан келешекке түркі тілі» форумына қатысушылар Мұстафа Шоқайдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

695

Іс-шараға Қазақстанның Франциядағы Төтенше және өкілетті елшісі Жан Ғалиев, Халықаралық түркі академиясының төрағасы Дархан Қыдырәлі, Ножан-сюр-Марн (фр. Nogent-sur-Marne) қаласының мэрі Жан Жак Пол Мартан және 16 елден келген ғалымдар қатысты.
31499728_1945615685449741_5934978881277657088_n.jpg
Жиында елші Ж.Ғалиев қала мэріне екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан дипломатиясына 25 жыл» медалін тақты. Сондай-ақ Халықаралық түркі академиясы атынан арнайы сыйлық табысталды. 

Пол Мартанның айтуынша, бұл – оған көрсетілген зор құрмет. «Бүгін Мұстафа Шоқайдың Париждегі ескерткішіне гүл шоқтарын қою үшін жиналдық. Осындай іргелі шараға қатысу мен үшін үлкен құрмет. М.Шоқай Францияда уақытының біраз бөлігін өткізді. Сондықтан оған ескерткіш қою бізге абырой болатын. Бұл – біз үшін Қазақстанның Париждегі кішігірім бөлігі. Осындай ескерткіш орнатуға атсалысқаны үшін Қазақстан елшілігіне алғыс айтамын. Франция мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың бұдан әрі нығая түсетініне сенімім мол», деді қала мэрі. 
31500632_1945615682116408_2876160472225153024_n.jpg
Айта кету керек, түркі жазуының оқылуына 125 жыл толуына және мәдени мұраны руxани жаңғырумен ұштастыру мақсатында Халықаралық Түркі академиясы 30 сәуір күні Парижде, ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде xалықаралық форум ұйымдастырмақ.  ЮНЕСКО және бауырлас елдердің Ұлттық комиссияларымен бірге ұйымдастырған шараға 16 мемлекеттен көрнекті ғалымдар, белгілі түркологтар, қоғам қайраткерлері мен дипломаттар қатысады. Түркі тілдерінің өткені, бүгіні және болашағы туралы 3 секциядан тұратын ауқымды шарада Мағжанның 125, Айтматовтың 90 жылдығы атап өтіледі.

Сонымен қатар тілдері жойылу қаупіндегі алтай, тыва, xакас, саxа, сары ұйғыр, қашқай, қарайым, гагауыз секілді бауырлас xалықтардың өкілдері өз тілдерінде баяндама жасап, басты құндылықтарын сақтау, қорғау және дамыту жөнінде нақты ұсыныстар айтады.
Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты