Жаңалықтар

Академия басшысына Моңғолия Ұлттық музейі директорынан құттықтау хат

2328

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлінің атына Моңғолия Ұлттық музейінің директоры, тарих ғылымдарының докторы Дагваадоржийн Сүхбаатардан құттықтау хат келді.

Ол хатта Д.Сүхбаатар мырза Моңғолия ұлттық музейі мен Академия арасында өтіп бара жатқан тауық жылында негізі қаланып, жүзеге асқан жобалардың келе жатқан ит жылында жалғасын табатынына сенім артады.

Сонымен қатар, шығыс күнтізбесі бойынша жаңа 2018 жылы моңғол мен қазақ халықтарының ынтымақтастығы тереңдей түсіп, ортақ тарихи-мәдени мұраларды қастерлеп, көпшілікке насихаттауда табысты боларына үміт білдіріп, ізгі тілектерін жолдаған.


Айта кету керек, Моңғолия ұлттық музейі – TWESCO-мен екіжақты ынтымақтастық туралы меморандум бекіткен серіктес ұйымдардың бірі. 2016 жылдың тамыз айында Ұлан-Батыр қаласында қол қойылған құжат негізінде екі ұйым бірқатар халықаралық жобаларды жүзеге асырып келеді.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук