Жаңалықтар

Қазақстан Мәжілісі төрағасы ТүркПА Бас хатшысын қабылдады

2368

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповты қабылдады.

Палата Спикері А.Мамаюсуповты лауазымына кірісуімен құттықтап, Қазақстан Парламенті ТүркПА аясындағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән беріп отырғанына тоқталды.

Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы осы бағыттағы бірлескен жұмыс барысында түркітілдес мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуға маңызды үлес қосатынын айтты.

Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин 2017 жылдың желтоқсанында Қазақстаннан Қырғызстанға ауысқан ТүркПА-ға төрағалығы кезінде түркітілдес елдер парламенттері арасындағы өзара іс-қимыл қарқынды түрде жалғасатынына сенім білдірді.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы