Жаңалықтар

ТүркПА төрағалығы Қазақстаннан Қырғызстанға тапсырылды / Фото

4414

Бүгін Бішкекте (Қырғызстан) Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Кеңесі мен VIІ пленарлық отырысы өтті.

Алқалы шарада ұйымға мүше Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның парламент спикерлері мен вице-спикерлері, халықаралық ұйым өкілдері болды. Сонымен қатар, биылғы жиынға Өзбекстан мен Түрікменстан делегациялары құрметті мейман ретінде, ал Мажарстан бақылаушы ел ретінде қатысты. 


Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) атынан тұрақты хатшы Асхат Кесікбаев болды.


Делегация мүшелері ресми шаралар басталмас бұрын «Ата-Бейіт» кешеніндегі «Үркін» мемориалына, кейін халық жазушысы Ш.Айтматовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.



Мемлекеттік Ала арча резиденциясында өткен Кеңес отырысында ТүркПА төрағалығы Қазақстаннан Қырғызстанға өтті. Бұл туралы Қазақстан парламенті Мәжілісінің төраға орынбасары Гүлмира Исимбаева ресми түрде мәлім етті.


Төрағалықты Кеңесті жүргізіп отырған Қырғызстан Жогорку Кенеш спикері Дастан Жұмабеков қабылдап алды. Д. Жумабеков Қазақстан тарапына нәтижелі еңбегі үшін алғыс білдірді.


Бұдан кейін, халықаралық делегациялар толық құрамда қатысқан ТүркПА-ның VIІ пленарлық отырысында ұйымның 2017 жылы атқарған іс-шаралары туралы арнайы комиссиялардың есептері тыңдалды. Сондай-ақ, келер 2018 жылға жоспарланған шаралар алдын-ала мақұлданды. Жиын барысында Парламенттік ассамблея жұмысын оңтайландыруға арналған жекелеген ұсыныстар айтылды.


Сонымен бірге, VIІ пленарлық отырыс қорытындысы бойынша Алтынбек Мамаюсупов ТүркПА-ның жаңа Бас хатшысы боп сайланды. Бұған дейін Қырғызстан Жогорку Кенешинин ТүркПА-дағы өкілі болған А. Мамаюповтың кандидатурасын қатысушылар бірауыздан қолдаған. 

Айта кету керек, мүше-мемлекеттердің заң шығарушы органдарының арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында 2008 жылы құрылған ТүркПА-ның VIІ пленарлық отырысы соңында арнайы құжат қабылданып, хаттамаға қол қойылды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы