Жаңалықтар

Әзербайжан Милли Меджлисінің төрағасы Қазақстанның «Құрмет» орденімен марапатталды

531

Бүгін Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің (Ұлттық мәжіліс) төрағасы Огтай Асадовқа Қазақстан Республикасының «Құрмет» ордені табыс етілді.

Оттай Асадов Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өкімімен мемлекеттік саясат пен қоғамдық қызметтегі ерен еңбегі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, елдің әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуына қосқан зор үлесі үшін марапатталды.

Милли Меджлис төрағасына марапатты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматуллин Бакуде өткен екі ел делегацияларының кездесуінде тапсырды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.