Жаңалықтар

Әлемдік топтамалардағы Өзбекстанның мәдени мұрасы таныстырылды

238

Ташкентте «Әлемдік топтамалардағы Өзбекстанның мәдени мұрасы» сериясымен шыққан кітап-альбомдардың бес жаңа томы (6-10 томдар) жарық көрді.

Кітаптардың тұсаукесері «Замана тоғысы: өткеннің ұлы мұрасы - жарқын болашақтың негізі» атты халықаралық медиа-форум аясында өтті.

Жинақтың алтыншы томы Өзбекстанның музыкалық мұрасына арналған. Жетінші томында Шығыс қолжазбалары институтының қорындағы Әл-Бируни, Агахи, Бисати Самарқанди, Бедиль, Хафиз Ширази, Мұхаммед Исмат Бухари секілді ұлы ғұламалардың әдеби мұралары топтастырылған. Мемлекеттік Эрмитаждағы өзбек жәдігерлері сегізінші томда беріледі. Онда Өзбекстан аумағынан табылған сирек құндылықтар туралы ақпарат алуға болады. Тоғызыншы том Қарақалпақстан Республикасының И.В. Савицкий атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының жәдігерлері негізінде дайындалған. Ал, альбомның оныншы томында бүгінде Мәскеу музейлерінде сақталатын өзбек жәдігерлері жайында баяндалады.

Айта кету керек, бұл кітап-альбомдардың алғашқы бес томы биыл мамыр айында өткен «Өзбекстанның мәдени мұрасы – халықтар мен мемлекеттер арасындағы диалогқа жетелер жол» атты халықаралық конгрессте таныстырылған болатын.

Басылым ғалымдар мен зерттеушілерге ғана емес, сонымен бірге Өзбекстанның мәдени мұрасына қызығатын барша оқырманға арналған. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы