Жаңалықтар

Aкадемия басшысы АзТВ және АзерТадж агенттігіне сұхбат берді

311

 Әзербайжанда ұйымдастырылған VI Жаһандық Баку форумына қатысқан Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі Әзербайжан мемлекеттік телеарнасы – АзТВ-дің «Сабах» (Таң) бағдарламасына қонақ болып, Әзербайжан мемлекеттік хабар агенттігі – АзерТадж-қа сұхбат берді.

Aкадемия басшысы Бакуде өтіп жатқан форум мен Халықаралық Түркі академиясының іс-шаралары туралы сұрақтарға жауап берді.

Д. Қыдырәлі Әзербайжанның мәдениеттер арасындағы диалогқа қосқан үлесін дәріптеп, төзімділік пен көпмәдениеттіліктің Әзербайжан елінің маңызды құндылығы екенін атап өтті. Академия басшысы сөзінде «Әзербайжанда ғасырлар бойы түрлі ұлттардың өкілдері бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл да Әзербайжанның ең үлкен табыстарының бірі.» деді.

Сонымен қатар, Д.Қыдырәлі академия тарапынан жүзеге асырылған жобалар мен болашақ жоспарлары туралы баяндап, Әзербайжан елін түркі әлемінің ортақ құндылығы – Наурыз мерекесімен құттықтады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы