Жаңалықтар

Академия Басшысы И. Әлиевке құттықтау хатын жолдады

1254

Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) Басшысы Дархан Қыдырәлі Әзербайжанда өткен президенттік сайлауда айқын жеңіске жеткен Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

«Мол тәжірибеңіз және байсалды саясатыңыз арқылы мемлекеттіліктің одан әрі орнықты дамуы мен халықтың әл-ауқатының жақсартылуы жолында атқарған абыройлы миссияңыз Әзербайжан халқының жүрегінде сізге деген жоғары сенім ұялатқан. Әзербайжанда тұрақтылық пен бейбіт өмірдің кепілдемесіне айналған ғылым мен білімнің дамуына, түркітілдес мемлекеттер мен халықтар арасындағы ынтымақтастықтың нығайтылуына көрсетіп келе жатқан қолдауыңыздың әрі қарай жалғасатынына сенім білдіруді өзіме мәртебе санаймын.

Жоғары мәртебелі Президент мырза, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізді тағы бір жолы құттықтап, өзіңізге зор денсаулық, күш-жігер, бауырлас Әзербайжан халқына ашық аспан, өркендеу мен игілік тілектерімді қабыл алыңыз!» делінген құттықтау хатта.

Айта кету керек, Әзербайжанда 11 сәуір күні өткізілген президенттік сайлауда 8 үміткер құжат тапсырған болатын. Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясы берген мәлімет бойынша, сайлаушылардың 86,09 пайыз дауысын алған И. Әлиев жеті жылдық мерзімге Әзербайжан Республикасының Президенті болып сайланды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы