Жаңалықтар

Қазақстан президенті Қырғыз Республикасының президентін құттықтады

636

Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековке Қырғыз Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті жеделхатта Сооронбай Жээнбековтің басшылығымен Қырғызстан өзінің қарқынды даму жолында жаңа табыстарға жететініне сенім білдірді.

«Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас елдеріміздің игілігі үшін одан әрі дами түседі деп сенемін.

Сізге зор денсаулық, жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс, ал бауырлас қырғыз халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы