Жаңалықтар

Қазақстан Президенті АҚШ Президентімен кездесті /Фото/

4515

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапары аясында АҚШ Президенгті Дональд Трамппен кездесті, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.


Қарсы алу рәсімі аяқталған соң Нұрсұлтан Назарбаев Ақ үйдің Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.


Қазақстан мен АҚШ Президенттері келіссөз жүргізіп, екіжақты қарым-қатынастың және халықаралық күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады.

Дональд Трамп ресми сапармен келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен АҚШ арасында қалыптасқан қатынастарға жоғары баға берді.

– Сіздің осында келгеніңізге қуаныштымын. Барша жұрт Сізге зор құрметпен қарайды. Екі ел арасында мықты қарым-қатынас жолға қойылған. Қазір Қазақстанның жағдайы өте жақсы. Біз үшін Сізді қабылдау – зор мәртебе. Сіз еліңіз үшін шынында да іргелі істер атқардыңыз, – деді АҚШ Президенті.


Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Д.Трампқа алғыс айтып, оны АҚШ Президенті лауазымына сайлануының бір жылдығымен құттықтады. 

– Сізді президенттік қызметіңіздің бір жылдығымен және экономикадағы зор жетістіктеріңізбен құттықтаймын. Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына АҚШ-тың саяси қолдау көрсетуін біздің ел жоғары бағалайды. 26 жыл бойы Қазақстан АҚШ-пен достық қарым-қатынасты берік ұстанып келеді. Бүгінгі сапар сол серіктестіктің дәлелі болып саналады, – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев сапар шеңберінде АҚШ-тың энергетика министрі Рик Перримен және «Шетелдік жеке инвестициялар жөніндегі Корпорация» (OPIC) мемлекеттік агенттігінің президенті Рэй Уошбернмен кездесті. 



Бұдан бөлек, Қазақстан басшысы Вашингтонда Америка Құрама Штаттарының іскер топтар өкілдерімен кездесу өткізді.




Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы