Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Академия басшысын қабылдады

3382

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәліні қабылдады.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Елбасыға Түркі академиясының қызметі және Қазақстан Президентінің тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп берілді.  

Д.Қыдырәлі Нұлсұлтан Назарбаевқа «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына қатысты Академия жұмысының перспективалары, сондай-ақ БҰҰ штаб-пәтерінде өткізілген халықаралық симпозиум мен «Ұлы дала» гуманитарлық форумының нәтижелері туралы баяндады.

Д.Қыдырәлінің мәліметі бойынша, Халықаралық Түркі академиясы Моңғолия аумағында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, оның барысында көне түркі заманының жаңа жәдігерліктері табылған.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша Академия жұмысын жоғары бағалап, бірқатар нақты тапсырма берді.



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты