Жаңалықтар

Академия басшысы Моңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрімен кездесті

1610

Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) Президенті Дархан Қыдырәлі Моңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі, Қазақстан-Моңғолия Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы С. Чинзоригпен кездесті. Кездесуде сонымен қатар, Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Л. Баттулга да болды.

29570604_1609135285849298_7387488100795495503_n.jpg

Кездесуде Академия басшысы Д. Қыдырәлі мәртебелі қонақтарға Академия жүзеге асырған іс-шаралар мен жобалар туралы кеңінен мәлімет беріп, келешекте Моңғолиямен жүргізілуі жоспарланған шараларға тоқталды.

Aкадемия Моңғолия тарапымен бірге археологиялық қазба жобаларын жүзеге асыруда. Моңғолияның беделді ұйымдарымен қол қойылған келісім-шарттар негізінде мәдени құндылықтардың зерттелуі, қазба жұмыстарының жүзеге асырылуы, мұражай экспонаттарының сақталуы, танытылуы және зерттелуі тәрізді ортақ жұмыстар атқарылып жатыр.

29570450_1609135185849308_8865601471791903157_n.jpg

Д. Қыдырәлі өз сөзінде «TWESCO, Moңғолияның мемлекеттік мекемелерімен бірге ғылыми жобалар жүзеге асыру үшін ортақ мәмілеге келді. Бұлардың арасында археологиялық қазба жұмыстарын ұйымдастыру, ғалымдар мен зерттеушілердің арасында екі жақты тәжірибе алмасу, жас мамандар үшін тағылымдамадан өту, сонымен қатар тарихи жәдігерлер мен ескерткіштерді бірге зерттеу тәрізді тақырыптар бар» деді.

Moңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі С. Чинзориг Түркі академиясы атқарған іс-шаралардан хабардар екендігін атап өтіп, Моңғолияда жүргізілген жұмыстардың оң бағаға ие болғандығын және жас мамандардың тағылымдамадан өтуінің маңызды екенін мәлімдеді.

Кездесуде тараптар екі жақты байланыстардың нығайтылуы тұрғысынан келешек жоспарлар туралы пікір алмасты.

29542903_1609135179182642_1548941760310957728_n.jpg


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы