Жаңалықтар

Түркі академиясының басшысы VI Жаһандық Баку Форумына қатысты

1848

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Әзербайжан астанасында 15-ші наурыз күні басталған «Инклюзивті қоғам құруда қайшылықтарды теңестіру» тақырыбында VI Жаһандық Баку форумына қатысты.

Форумның ашылу салтанатын Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Әзербайжанның Бірінші вице-президенті Мехрибан Әлиева құттықтау сөздерімен ашты.

008.jpg

Үш күнге жалғасатын алқалы шарада 60-қа жуық мемлекеттің 500-ден астам өкілі қатысуда. Форумға қатысушы мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдардың жетекшілері, танымал мемлекеттік қызметкерлер мен ғалымдар Низами Гәнжауи атындағы Халықаралық орталықтың мүшелерімен бірге дүниежүзінің күн тәртібінде орын алған өзекті тақырыптарды талқылайды.

IMG_5155.jpg

VI Жаһандық Баку Форумы шеңберінде «Күш ұғымы: алпауыт күштер мен басқалары», «Пайда болған жаңа күштер», «Аймақтық қауіпсіздік, аймақтық бейбітшілік: Орта шығыс елдері», «Балқан аймағының қазіргі және болашақтағы жағдайы: аймақтық қауіпсіздіктің негізі немесе жаңа геосаяси шахмат тақтасы», «Қытайдың сыртқы саясатын қалай түсінуге болады?», «Капитализм: экономикалық даму қоршаған ортаға зиян келтіре ме?», «Интернеттің пайдасы мен зияны» секілді бірқатар маңызды тақырыптар бойынша панельдер өткізіледі.

Сонымен қатар, Форум шеңберінде 18-19 наурыз күндері VII Халықаралық кітап саммиті де өткізіледі.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы