Жаңалықтар

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының мерейтойлық жиынына қатысты

1435

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасының президенті, ҚР ҰҒА академигі Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚР Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдық мерейтойына арналған ҚР ҰҒА-ның Жалпы жиналысының салтанатты сессиясы өтті.

Мерейлі шараны құттықтау сөзімен ашқан Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев ғылымда саяси, мемлекеттік шекара болмайтынын, отандық ғалымдар шетелдік әріптестерімен ынтымақтастықты арттырғанда ғылымның қарыштап дамитынын айтты. 

70-1.jpg

«Тәуелсіздік жылдарында ғылыми ұйымдардың саны 2 есеге көбейіп, 300-ден асты.  Ғылымды қаржыландыру жыл өткен сайын артып келеді. Алдағы уақытта бұл ұстанымнан айнымай, ғылымның қарқынды дами беруіне жағдай жасайтын боламыз», - деді Н.Назарбаев. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Үкіметке қазақстандық жас ғалымдардың әлемдік ғылыми орталықтарда тағылымдамалардан өтуі үшін арнайы гранттар тағайындауды тапсырды.

ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрыновтың модераторлығымен өткен келелі жиынға Ресей Ғылым академиясының президенті Фортов В.Е., Қырғызстан ҰҒА президенті Эркебаев А.Э., Грузия ҰҒА президенті Квеситадзе Г.И., Татарстан ҒА басшысы Салахов М.Х.,Молдова ҒА президенті Дука Г.Г., Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Қыдырәлі Д.Қ., Әзербайжан ҰҒА басқарма бастығы Садыгов А., Беларусь ҰҒА Президиумы Төрағасының орынбасары Килин С.Я., Украина ҰҒА вице-президенті Кошечко В.Г., Өзбекстан ҒА жалпы және бейорганикалық химия Институтының директоры Закиров Б.С., Тәжікстан ҒА академигі Илолов М.И. қатысты. Сонымен қатар сессия жұмысына қатысушылар қатарында көрнекті академиктер, танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, отандық және шет елдерден келген ғалымдар, ЖОО ректорлары, ҒЗИ директорларымен бірге зиялы қауым өкілдері болды.

70-2.jpg

Айта кету керек, 1946 жылы құрылған Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы TWESCO бастамасымен 2015 жылы Астанада құрылған Түркі әлемі Ұлттық  ғылым академиялары Одағының мүшесі және аталған Одаққа тұңғыш төрағалық еткен ұйым. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы