Жаңалықтар

Бердымұхамедов Түрікменстанның президенті болып қайта сайланды

1145

Түрікменстанның қазіргі басшысы Гурбангулы Бердымұхамедов үшінші мерзімге ел президенті болып қайта сайланды. 

Түрікменстанның Орталық сайлау комитетінің төрағасы хабарлағандай, Г.Бердымұхамедовке жалпы сайлаушылардың 97,69 % дауыс берген. Одан бөлек сайлауға тағы 8 кандидаттың тіркелгенін алдын хабарлаған болатынбыз. Олар елдегі екі саяси партия (Өндірісшілер мен кәсіпкерлер партиясы және Аграрлық партия) өкілдері, сондай-ақ бастамашыл топтар ұсынған кандидаттар.

ОСК дерегіне сәйкес, 12-ші ақпан күні өткен президент сайлауына дауыс беру құқығына ие ел азаматтарының 97,27 пайызы қатысқан. Сайлауды өткізу үшін мемлекетте 2587 сайлау учаскесі жұмыс істеді. 

Айта кету керек, бұл  2016 жылдың 12-ші қыркүйегі күні қабылданған жаңа конституцияға сәйкес өткен алғашқы сайлау. Жаңа заңнама бойынша енді Г.Бердымұхамедов бұрынғыдай  5 жыл емес, 7 жыл ел басқаратын болады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы