Жаңалықтар

Қазақстан және Қырғызстан президенттері телефон арқылы сөйлесті

177

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады akorda.kz.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың және өңірлік күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады.

Президенттер биылғы 2 желтоқсанда Астанада екі ел үкіметтері қол қойған Жол картасын дәйекті түрде іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл тұрғыда Қырғызстан Президенті күшейтілген шекаралық бақылаудың алынып, Қазақстан-Қырғызстан шекарасын күзету күнделікті режімге көшірілгені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде Қырғызстан Президентінің Қазақстанға сапармен келу мәселесін қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан жағы бастамашы болды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук