Жаңалықтар

Өзбекстан мен Түркия президенттері телефонмен тілдесті

3074

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев пен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған 7-ші ақпан күні телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттер басшылары Мирзиеевтің 2017 жылдың қазан айындағы Түркияға мемлекеттік сапары көп салалы және өзара тиімді өзбек-түрік ынтымақтастығын жаңа, сапалы сатыға көтергенін атап өтті.

Тараптар сол тарихи сапар нәтижесінде қол жеткізілген келісімдердің, сондай-ақ сауда-экономика, инвестиция, технология, банк-қаржы саласы, туризм секілді басқа да маңызды секторларда бірлескен іргелі жобалардың жүзеге асырылуын оңтайландыру мәселесін талқылады.

Өз кезегінде Р.Т. Ердоған түрік азаматтарына Өзбекстанда 30 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат ететін шешім қабылдағаны үшін Ш.Мирзиеевке алғыс айтты.

Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары күн тәртібіндегі халықаралық және өзге де өзекті мәселелер туралы пікір алмасты.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев түркиялық әріптесі Режеп Тайип Ердоғанды мемлекеттік сапармен Өзбекстанға шақырды.  


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы