Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясының демеушілігімен Осмонақын Ибраимовтың "Айтматов. Последний писатель империи" атты кітабы жарық көрді

1796

Биыл адамзаттың Айтматовы атанған Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толады.

Осыған орай Халықаралық Түркі академиясы ( TWESCO) 2018 жылды ресми түрде Шыңғыс Айтматов жылы деп жариялап, жазушының шығармашылығына арналған бірнеше ғылыми-көпшілік шаралар ұйымдастыруды жобалаған еді.

Солардың бірі -- жақында ғана Академияның демеушілігімен "Ғылым" баспасынан Қырғызстан Ұлттық Ғылым академиясының корр.мүшесі, профессор, көрнекті қырғыз ғалымы Осмонақын Ибраимовтың Ш.Айтматовтың өмірі мен шығармашылығын жаңа деректер арқылы баян еткен "Айтматов. Последний писатель империи" атты кітабы жарық көрді.

Кітаптың қалың оқырман қауымға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, жалпы қырғыз әдебиеті классигінің сүйікті оқырмандарына берері мол.
Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы