Жаңалықтар

Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы Жазғы мектепке шақырады

1760

Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы Түркия Ғылым академиясымен бірлесіп 2017 жылдың 17-21 шілде аралығында Ыстамбұл қаласында «Халықаралық құқық, дипломатия және ынтымақтастық» тақырыбы бойынша Жазғы мектеп ұйымдастырады.  

Жазғы мектеп мақсаты: Түркі әлемі мемлекеттері мен халықтар арасындағы ынтымақтастықты және жақын қарым-қатынастарды одан әрі насихаттау. Осы орайда Мектепте мына тақырыптар қозғалады:

• Халықаралық құқық тәртіптерінің негіздері;

• Технология, даму және қоршаған орта салаларындағы ынтымақтастық;

• Ғылым дипломатиясы және халықаралық ғылыми ынтымақтастық;

• Дауларды бейбіт жолмен реттеу;

• Халықаралық ұйымдар және ынтымақтастық;

• Аймақтық мәселелер. 

Ұйымдастырушылар туралы:

Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы 2014 жылдың 24-ші қарашасында Баку қаласында өткен Білім министрлері кеңесінің шешіміне сәйкес, Халықаралық Түркі Академиясының бастамасымен 2015 жылдың 29-шы маусым күні құрылды. Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағының бірінші отырысы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Башқұртстан мен Татарстанның Ғылым академияларының, сонымен бірге Халықаралық Түркі Академиясы басшыларының қатысуымен Астана қаласында өтті. Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағының хатшылығы Халықаралық Түркі Аадемиясына тапсырылған. Түркия Ғылым Академиясының (TÜBA) президенті одақтың ағымдағы төрағалық мерзімін атқаруда.

Оқу бағдарламасы:

Жазғы мектеп күнделікті дәрістерден және Ыстамбұл қаласының түрлі көрнекті жерлерімен танысудан тұрады. 

Өткізу орны:

Жазғы мектеп Ыстамбұл қаласының жүрегінде 16-шы ғасырда салынған  Раби медресе атты тарихи ғимаратта өтеді. Ыстамбұлдың тартылымдығы мен сұлулығы аясында өтетін Жазғы мектеп академиялық бағдарламаны орындау үшін осы ғимарат ұсынатын барлық мүмкіндіктерін толық пайдаланады.

Дәріс берушілер:

Дәрістерді әлемге танымал ғалымдар тобы оқиды. Соңғы бағдарлама тікелей қатысушыларға маусым айында жіберіледі.

Қатысушылар:

Жазғы мектеп мемлекеттік және жеке секторлардың жас мамандарына, әлеуметтік ғылымдарының аспиранттары мен кіші ғылыми қызметкерлеріне арналған. Жабылу салтанатында қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етіледі.

Оқу құны:

TÜBA және басқа да демеушілердің қолдауы арқасында Жазғы мектеп Түркі әлемінің Ұлттық ғылым академиялары одағына мүше және олармен байланысты Академиялар ұсынған 2-3 қатысушылар үшін тегін болады. Сондай-ақ, жол және қонақ үй шығындарын да TÜBA қамтамасыз етеді.

Сауалдар мен өтініш беру бойынша:

Үміткерлер мына өтініш үлгісін толтырып, түйіндеме мен Жазғы мектепке қатысу мақсатын сипаттайтын хатты қоса жолдауы тиіс. Өтініштер келесі критерийлер бойынша қараластырылады: қатысушыларда әлеуметтік ғылымдардың жақсы негізі болуы тиіс және ағылшын тілін еркін меңгерген болуы шарт. Ұлттық академиялар ұйымдастырушыларға кандидаттарды тікелей жібереді.

Өтініштер 2017 жылдың 5-ші маусымына дейін қабылданады.

Сауалдар және өтініш беру бойынша summerschool@tuba.gov.tr поштасына хабарласуға болады.

 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты