Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері телефонмен сөйлесті

2168

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті биылғы 18 қаңтарда Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан Өзбекстан азаматтарының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективасын талқылап, күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Соңында тараптар алдағы кездесулер кестесін қарастырды.

Айта кету керек, 2018 жыл Қазақстанда Өзбекстан жылы деп жарияланған.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы