Жаңалықтар

Үш күннен соң Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталады

292

Қыркүйек айының 2 күні Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында ІІІ Дүниежүзілік  көшпенділер ойындары басталады. Көшпенді халықтарға ортақ спорт түрлерінен өтетін жарыстарға әлемнің 40 мемлекетінен 2300 ден астам спортшы қатысады. 80 елден  қонақтар келеді.


         Қырғыз Республикасы Дене шынықтыру, жастар ісі және спорт бойынша мемлекеттік агенттігінің деректеріне қарағанда Қырғызстан тарапы биыл сәуір айында ойындарға қатысу үшін 102 мемлекетке ресми шақыру жолдаған. Олардың басым көпшілігі ойындарға қатысуға келісім берген. Сонымен қатар, спортшыларды электронды тіркеу жүйесін де іске қосыпты. Дегенмен, ресми делегациялардан құжат қабылдау 25 тамызда аяқталған.

         Спортшылар 37 спорт түрінен бәсекеге түседі. Соның ішінде ерлер 37, әйелдер 16 спорт түрі бойынша бақ сынамақ. Көшпенділер ойындарында жарыстар ат спорты, күрес түрлері, жекпе-жек түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, садақ ату, аңшылық бойынша жіктелген.

         Биыл ойын бағдарламасына «Көшпенділердің ұлы күресі» деп аталатын жарыс түрі енгізіліп отыр. Сонымен қатар, «Көшпенділер ойындары жеңімпаздары кітабы» да әзірленген екен. «Көшпенділердің ұлы күресінде» тек бір жеңімпаз ғана болады, екінші, үшінші орындар қарастырылмаған. Бұл «Жеңімпаз – біреу, өзгелер бірдей!» принципіне негізделсе керек. «Ұлы күреске» ойын бағдарламасына енген 13 ұлттық күрес   түрінен абсолютты чемпион атанған балуандар қатысады. Жеңімпаздың есімі «Жеңімпаздар кітабына» жазылмақ. Соынмен қатар, «Жеңімпаздар кітабына» «Ұлы балуанмен» қатар, «Ұлы мерген», «Ұлы көкпаршы және көкпардың ұлы тұлпары» да енгізіледі.


         Естеріңізге салар болсақ, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алғаш рет 2014 жылы ұйымдастырылған болатын. Оған әлемнің 19 елінен 583 спортшы қатысып, спорттың 10 түрінен жарысқа түскен. Алғашқы шараны дүниедегі 230 млн адам телетрансляция арқылы тамашалаған. Ал, 2016 жылы өткен ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 62 мемлекеттен 1200 спортшы келген. Олар спорттың 26 түрі бойынша бәсекеге түсіпті. Екінші ойындардың телетрансляциясы 500 млн адамдық аудиторияны қамтыған.

         ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бойтұмары ретінде барыс таңдалыпты.



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты