Жаңалықтар

Академия басшысы өзбек халқына көңіл айтты

3268

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі бүгін Қазақстанның Ақтөбе облысында өртке оранған автобуста мерт болған Өзбекстан азаматтарының қазасына орай қайғырып, көңіл айтты.

«Ақтөбедегі қайғылы оқиғада қаза тапқандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Өте ауыр жағдай! Марқұмдардың иманы жолдас болсын, жақындарына да сабыр тілейміз!

Бауырлас өзбек xалқының қайғысына ортақпыз!»

Айта кетейік, бүгін таңертең Өзбекстаннан Ресейге бара жатқан жолаушылар автобусында өрт шығып, 52 адам мерт болды. Өзбекстан азаматтары мінген автобустан тек 5 жолаушы шығып үлгерген. Оқиға орнында полиция, құтқарушылар мен психологтар, дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.