Жаңалықтар

Қазақстанда қазіргі заманғы түркітану мәселелері талқыланды

944

Қазақстанның Алматы қаласында Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Ыстамбұл университеті мен А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бірлесіп ұйымдастыруымен «Қазіргі заманғы түркітану» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өтті.

Түркі халықтарының терең тарихы мен ортақ мәдениеті, тілі мен әдебиетіне қатысты мәселелер қарастырылған бұл конференцияға түркітілдес республикалардың Қазақстандағы елшіліктері мен консулдықтары, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы жанындағы түркітілдес мәдени орталықтар өкілдері мен түркітану саласын зерттеп жүрген белді ғалымдар мен ізденушілер қатысты.

Келелі жиынның ашылу салтанатында Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлінің арнайы құттықтау хатын ұйымның ғылыми қызметкері Жанат Момынқұлов оқып берді. 

 

Конференцияда қазіргі филологияның өзекті мәселелері және аударма теориясы; рухани мәдениет және философия мен тарихқа заманауи көзқарас; шет тілін оқыту әдістемесінің инновациялық технологиялары тақырыптарына арналған баяндамалар жасалды. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген латын әліпбиінің кейбір түркітілдес республикаларда қолданылу ерекшеліктері, қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудегі өзекті мәселелер де осы жиын барысында талқыланды.

Айта кету керек, конференцияға ұсынылған мақалалар мен баяндамалар арнайы ғылыми жинақ ретінде жарық көрді.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты