Жаңалықтар

Қазақ ақыны Махамбеттің жырлары түрік тіліне аударылды

1624

Қазақ халқының XIX ғасырдағы күрескер ақыны Махамбет Өтемісұлының жалынды жырлары түрік тіліне аударылып, «Тәуелсіздік үшін өмірін арнаған Махамбет Өтемісұлы» атты кітап боп жарық көрді.

Анкара.jpg

Түркия астанасы Анкарадағы Қазақстан елшілігінде кітаптың салтанатты таныстырылымы болып өтті. Жыр-жинақ Ардахан университетінің профессорлары Орхан Сөйлемез бен Аябек Байниязов тарапынан аударылып, дайындалған.

Анкара4.jpg

Анкара5.jpg

Салтанатты шараға Қазақстанның Түркиядағы уақытша сенімді өкілі Әлімхан Есенгелдиев, Еуразия жазушылар одағының төрағасы Якуп Өмероғлұ, кітап авторлары және екі елдің әдебиеттанушы-ғалымдары мен жазушылар, сондай-ақ студенттер қатысты.

Жиында сөз сөйлеген Еуразия жазушылар одағының төрағасы Якуп Өмероғлұ «Қазақстан мен Түркия - бауырлас екі ел. Қазақстан - түркітілдес халықтардың қара шаңырағы. Қазақ халқының тәуелсіздігі жолында көптеген ақын-жазушылар жанын пида еткен. Махамбет Өтемісұлы - солардың ең ұлы өкілі», - деді.

Анкара1.jpg

Жиын соңында екі елдің рухани ынтымақтастығына үлес қосқан кітап авторларына Қазақстан елшілігі тарапынан сый-сияпат көрсетілді.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы