Жаңалықтар

Түркі дүниесі әдебиет институттары ғылыми ынтымақтастық жөнінде уағдаласты

5767

Бүгін Астанадағы Халықаралық Түркі академиясында бас қосқан түркі әлемі әдебиет институттарының басшылары ғылыми ынтымақтастық туралы көпжақты меморандумға қол қойды.

Аталған құжат тараптардың әдебиеттану саласы бойынша ғылыми зерттеулерді ынтымақтасып жүзеге асыруға, соның ішінде «Ортақ түркі әдебиеті» оқулығын әзірлеу мен «Аталар мирасы» көптомдықтарын шығаруда елдердің ғылыми әлеуетін жұмылдыра кірісуге мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, қол қойылған келісімге сәйкес әдебиет институттары ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыруға бір-біріне жәрдем беруге, мамандардың қолжазба қорларымен еркін жұмыс істеуіне, бірлескен семинарлар мен конференциялар ұйымдастырып, жобалар мен бағдарламаларды бірлесіп жүзеге асыруға, сондай-ақ, электрондық кітаптармен, баспа өнімдерімен алмасып отыруға жол ашады.

Меморандумға Низами атындағы Әдебиет институты атынан Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті И.Габиббейли, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты атынан директор У.Қалижан, Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институты атынан Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті А.Акматалиев, Түрік тіл қоғамы атынан президент М.С.Качалин, Татарстан Республикасы Ғылым академиясы Г.Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институты атынан директор К.Миннуллин, Халықаралық Түркі академиясы атынан президент Д.Қыдырәлі қол қойды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты