Жаңалықтар

Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлерінің жиыны өтті

661

     Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлерінің жиыны өтті. Жиын Түркі кеңесінің VI саммиті аясында ұйымдастырылды.

         Қырғызстан Республикасы Сыртқы істер министрі Эрлан Абылдаев төрағалық жасаған басқосуға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Түркия Республикасы Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоғлу, Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі Рамиз Гасанов, Түркі кеңес бас хатшысы Рамил Гасанов қатысты. Сонымен қатар, жиынға Мажарстан Сыртқы істері және сауда министрі Петер Сийярто қонақ ретінде қатысты.





Басқосуда Түркі кеңесі Бас xатшысы Рамил Гасанов, ТҮРКСОЙ Бас xатшысы Дүйсен Қасейінов, ТүркПА Бас xатшысы Алтынбек Мамаюсупов, Түркі мәдениеті және мирасы қорының басшысы Гүнай Эфендиева және Түркі академиясының (TWESCO) президенті Дархан Қыдырәлі аталған құрылымдардың атқарған жұмыстары жайында баяндама жасады.

         Сондай-ақ, Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлерінің жиынында Мажарстанның Түркі академиясына   бақылаушы мәртебесін беру туралы шешім қабылданып, Сыртқы істер министрлер аталған құжатқа қол қойды. Сонымен бірге,   3 қыркүйекте өтетін Түркі кеңесі мемлекет басшыларының VI саммитінде қол қойылатын   құжаттар мен Саммит декларациясының жобасы мақұлданды.

         Жиын  барысында министрлер Түркі кеңесі Бас хатшысы қызметін аяқтаған Рамиль Гасановқа аталған лауазымдағы еңбегі үшін алғыс айтып, Түркі кеңесінің VI саммиті Бас хатшы лауазымына тағайындалатын қазақстандық дипломат Бағдат Әміреевке табыс тіледі.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты