Жаңалықтар

Түркі кеңесінің жаңа бас хатшысы тағайындалды

898

Қырғызстанда өткен Түркі кеңесінің VІ саммитінде ұйымның жаңа Бас хатшысы тағайындалды. Кеңеске қатысушы мемлекет басшылары аталған лауазымға қазақстандық дипломат Бағдат Әміреевті бекітті.


Бағдат Әміреев 1959 жылы 1 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында дүниеге келді. Душанбе мемлекеттік университетінің шығыстану факультетін тәмамдаған. 1981-1996 жылдары Йемен, Ливан мемлекеттерінде тілмаш, Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқытушысы, Сыртқы істер министрлігінің басқарма бастығы, Ирак мемлекетінде тілмаш қызметтерін атқарған. 1996-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы, Кувейт, Оман, Катар, Бахрейн мемлекеттеріндегі, Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Сирия Араб Республикасындағы, Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы болған. 2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Түркия мен Албаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды. 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.

Бағдат Әміреев TWESCO жұмысына үнемі қолдау көрсетіп келді. 2016 жылы дипломатқа оның түркі интеграциясына қосқан үлесіне үшін Академияның алтын медалы табыс етілген болатын.



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы