Жаңалықтар

Түркі әлемінің киелі жерлері мен тұлғаларына арналған конференция өтті

310

2018 жылдың 18-19 қарашасы күндері Түркістан қаласында Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) мен Түркістан облысының әкімдігі бірлесіп, «Киелі Түркістан және түркі әлемінің рухани жаңғыруы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді. Конференцияны ұйымдастыруға Түркі кеңесі мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті қолдау көрсеткен болатын.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркі кеңесінің VI саммитінде көтерген «Түркі дүниесінің тұғырлы тұлғалары» және «Түркі әлемінің киелі жерлері» бастамаларын жүзеге асыруға атсалысу мақсатын көздейтін, түркі дүниесінің ғылымы, мәдениеті мен әдебиеті, түркі тілдері, киелі жерлер мен тұғырлы тұлғалары тақырыптарына арналған.   конференцияға Қазақстандағы бірқатар шетел дипломаттары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия ғалымдары мен АҚШ, Ресей, Үндістан, Өзбекстан зерттеушілері қатысты.

Конференция барысында пленарлық жиын, «Түркі әлемінің   киелі жерлері», «Түркі дүниесінің тұғырлы тұлғалары»   және «Түркі тілдері және жазуы» тақырыптарындағы секциялық отырыстар өтіп, ғалымдар мен зерттеушілер аталған тақырыптарға қатысты ойларымен бөлісті..

Конференцияның «Түркі әлемінің киелі жерлері» деп аталатын сексиясы Түркі кеңесінің VI саммитінде мемлекет басшылары жүктеген міндетке сәйкес,   түркі дүниесінің киелі жерлерін анықтау жобасын әзірлеу, оның критерилерін белгілеу, жобаны іске асыру мерізімі мен кезеңдері, жүзеге асыру тәртібі және өзге де мәселелерге арналды.

«Түркі дүниесінің тұғырлы тұлғалары» жобасын   жүзеге асыру мәселесін талқылайтын екінші секцияда Түркі дүниесінің тұғырлы тұлғаларын анықтау критерилері, олардың есімдерін жариялау, жобаны жүзеге асырудың тетіктері талқыланды.

«Түркі тілдері мен жазуы» тақырыбындағы үшінші секцияда 1926 жылғы Баку конгресінен басталған түркі тілі, түркі әдебиеті, транскрипция, түркі тілдес елдердің латын графикасына көшуінің өзекті мәселелері, тәжірибелері талқыланды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты