Жаңалықтар

Түркі әлемінің киелі жерлері мен тұлғаларына көңіл бөлінеді

888

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесінің VI саммитінде сөйлеген сөзінде «Түркі әлемінің киелі жерлері» мен «Түркі әлемінің 100 тұлғасы» жобаларын жүзеге асыруды ұсынды.

         Саммитте Нұрсұлтан Назарбаев түркі әлемінің киелі жерлері мен «Түркі әлемінің 100 тұлғасы»   жобасын жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Қазақстан Президенті сөз сөзінде: «Алтайдан Анадолыға, Байкалдан Балқанға дейінгі сахарада байырғы баһадүр бабаларымыздың іздері сайрап жатыр. Түркі халықтары үшін қасиетті ұғымдарды көзіміздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа лайық етіп қалдыру үшін Түркі әлемінің киелі жерлері жобасын қолға алуды ұсынамын. Жоба түркі әлемінің мәдениеті мен тарихын насихаттауға зор үлес қосатынына сенімдімін»,-деді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазіргі кезде Қазақстанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы табысты жүзеге асырылып келеді. Менің тапсырмама сәйкес, қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа әліпбиі әзірленді. Қазақстанның латын графикасына көшуі түркі тілдес елдердің жазу мәдениетін жақындастыра түседі. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдаламасы аясында Қазақстандағы «100 жаңа есім» жобасы жүзеге асырылуда. Тағылымы мол тарихымызда Әл-Фараби, Яссауи, Абай, Юнус Эмре, Низами, Физули, Ұлықбек, Айтматов сияқты ірі-ірі тұлғалар бар. Осыған байланысты Түркі кеңесі аясында «Түркі әлемінің 100 тұлғасы» атты арнайы жобаны әзірлеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын»,-деді.

         Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Түркістан облысының құрылғанын, түркі дүниесі үшін қастерлі атау өз тұғырына қонғанын атай келе, түркі мемлекеттерінің аталған облысқа қол үшін берсе құба-құп боларын тілге тиек етті.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук