Жаңалықтар

«Түркі әлемінің лидері» фильмі жарық көрді

295

«Хабар» агенттігі TWESCO-ның қолдауымен «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне» орай «Түркі әлемінің лидері» атты деректі фильм жасады.

Фильмде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі интеграциясын тереңдетудегі және Қазақстанның дамуындағы рөлі мен саясаты, бастамалары жайлы сипатталады. Фильмде Түркі кеңесінің тұңғыш бас хатшысы Халил Акынжының, Әзербайжан Республикасы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Фаттах Гейдаровтың, Түркия Республикасы Президентінің бас кеңесшісі Ялчын Топчуның, Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановтың, Түркітілдес мемлекеттер Ақсақалдар кеңесінің Тұңғыш төрағасы Мырзатай Жолдасбековтың, Өзбекстан Республикасы Олий Мажилис Сенат төрағасының орынбасары Садық Сафаевтың, Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреевтің, ҚР Сыртқыс істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың, TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлінің пікірлері берілген. Сондай-ақ, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Гүнай Эфендиева, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев және өзге де бірқатар тұлғалар мен мамандар Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі интеграциясын тереңдетудегі рөліне тоқталған.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.