Жаңалықтар

Түркі тілдерін зерттеуші ғалымдар марапатталды

997

TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі Астанада басталған ХІХ Халықаралық Түркі тіл білімі конференциясына қатысты. Конференция Астанадағы Назарбаев Университетінде өтуде. Басқосуға бірқатар шетелдік ғалымдар мен отандық зерттеушілер қатысып жатыр.


Конференцияның ашылу салтанатында сөз сөйлеген TWESCO басшысы Қазақстандағы түркітану ғылымының жаңа кезеңін Халықаралық Түркі академиясының   Астанада құрылуымен тікелей байланыстыруға болатынын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ашылған академияның тамырлас халықтардың көне дәуірден бүгінге дейінгі тарихы мен тілін, әдебиеті мен мәдениетін зерттеп, жалпы түркі әлеміне қатысты ғылыми зерттеулерді   үйлестіретін халықаралық бірегей орталық екенін айтты.

Қазіргі таңда Түркі академиясы түрлі аймақтарға тарыдай шашылған түркі тілдерін түгендеп, зерттеу бағытында бірқатар экспедициялар ұйымдастырған. Тіл байлығын көрсететін сапалы сөздіктер шығарды. Олардың арасында Әмір Нәжіптің ХІV ғасыр түркі тілдерінің тарихи-салыстырмалы төрт томдық сөздігі, Древнетюркский словарь, «Манас» сөздіктері де бар.

Дархан Қыдырәлі «Биыл - тіл тарихымыз үшін аса маңызды жыл. Осыдан 125 жыл бұрын дат ғалымы В. Томсен түркі жазуының кілтін тауып, дүниеге жария етті. Бұл әлем жұртшылығы үшін үлкен жаңалық болды. Содан бері түркі жазуына, жалпы түркітану ғылымына байланысты іргелі зерттеулер жүргізіліп, түрлі шаралар өтуде»,-деді. Сондай-ақ, Халықаралық Түркі академиясы әлемдік түркітану ғылымының дамуына ерекше үлес қосып жүрген ғалымдардың еңбегін әрдайым бағалайтынын айтты.

Конференция барысында TWESCO президенті түркі тілдерін, соның ішінде қазақ тілін де зерттеп, зерделеп жүрген А.Мицкевич университетінің профессоры Г.Янковский мен Франкфурт университетінің профессоры И.Невскаяны Томсен медалімен, ал Упсала университетінің профессоры Э.Чатоны Академияның арнайы алтын медалімен марапаттады.




Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук