Жаңалықтар

Түркітілдес мемлекеттер білім күнін атап өтті

270

Қыркүйектің 1 күні Қазақстан, Қырғызстан мен Түркіменстанда білім күні ретінде атап өтілді. Ал түркітілдес өзге мемлекеттерде оқу жылы әр түрлі мерізімде басталады.


фото akorda.kz
Биыл Қазақстанда мектепке 3 млн-нан астам оқушы барса, олардың 350 мыңы   бірінші сынып оқушылары. Елдегі   мектеп саны 7 мыңнан асып отыр. Білім күнінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Катар Мемлекетінің даму қорының қолдауымен салынған №85 жаңа мектеп-лицейдің оқу кабинеттерін аралап көріп, оның материалдық-техникалық базасымен танысты, сондай-ақ оқушылармен әңгімелесті.

фото president.kz

  Ал, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте жаңадан салынған №96 мектептің ашылу салтанатына қатысып, мектепке 300 мың сом  байғазы ұсынды. Дегенмен, Қырғызстанда   оқу жылын 10 қыркүйектен бастау мәселесіне қатысты пікірталас өрбуде.       

1 қыркүйек Қазақстан мен Қырғызстанда білім күні болса, Түркіменстанда «Білім және жастар күні». Осыған орай Түркіменстан президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов ел халқын атаулы күнмен құттықтады.

         Өзге түркітілдес мемлекеттердің оқушылары жаңа оқу жылын сәл кейінірек бастайды. Өзбекстан оқу жылын 5 қыркүйекте бастайды. Оған себеп ретінде, 1 қыркүйекте Өзбекстан Республикасының тәуелсіздік күні тойланады. Осыған байлансты 31 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында ресми демалыс жарияланып отыр. Ал, Әзербайжанда   биылғы оқу жылы қыркүйектің 15 және 17 күндері басталады. 15 қыркүйекте алты күн білім беретін мектептер оқуды бастаса, 17 қыркүйекте   бес күн білім беретін оқу орындары жұмысын бастамақ. Биыл Әзербайжанда бірінші сыныпқа 164 мың бала бармақ екен.

         Түркияда болса жаңа оқу жылын ресми түрде 17 қыркүйекте басталады. Статистикалық мәліметтерге қарағанда Түркиядағы оқушы саны 17 млн-нан асыпты.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы