Жаңалықтар

Түркияда тіл мерекесі тойлануда

243

26 қыркүйекте Түркияда Тіл мерекесі атап өтіледі. 1932 жылдан бері жалғасып келе жатқан бұл мейрамға байланысты бүгін де Түркияда түрлі шаралар ұйымдастырылды.

Түрік лингивистикалық қоғамы (TDK) басшысы, профессор Гүрер Гүлсевин мерекеге орай бірқатар шаралардың ұйымдастырылғанын атап өтті. Атап айтқанда Түрік лингивистикалық қоғамында Түркия Мәдениет және туризм вице-министрі Ахмет Халук Дурсын мен Ататүрік мәдениет, тіл және тарих жоғары кеңесінің бастығы профессор Дерия Өрс баяндама жасады. Сонымен қатар, «Түрік тіліне қосқан үлесі» үшін арнайы сыйлықтар берілді.

Жалпы, Түркияда Тіл мерекесінің пайда болуына республиканың құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің тікелей қатысы бар. 1932 жылы 26 қыркүйекте Долмахче сарайында елде алғаш рет Түрік тілі құрылтайы басталған. Тоғыз күнге созылған құрылтайға Республика басшысы Мұстафа Кемал Ататүрік бастан-аяқ қатысыпты. Құрылтай соңында 26 қыркүйек жыл сайын Тіл мейрамы ретінде атап өтілуі қажет деген ұйғарым жасалған.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.