Жаңалықтар

Термин жасаушы ғалымға арналған конференция өтті

262

Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. Қарағанды облысы Тілдерді дамыту басқармасы, «Түрксой» түркі мәдениеті мен   өнерін дамыту   халықаралық ұйымымен бірлесіп, ғалым, аудармашы Ісләм Жарылғаповтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ сөзжасамы: тарихы, бүгіні, келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды

Қарағанды қаласында өткен конференцияның ашылу салтанатында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, «Түрксой» ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі құттықтау сөз сөйледі. Академия басшысы өз сөзінде ғалымның термин жасаудағы, аударма саласындағы еңбегіне тоқталды.

Жиында ғалымдар Ісләм Жарылғаповтың термин жасаудағы ғана емес, аударма ісіндегі еңбегін, жазушылығын, сонымен қатар қазіргі замандағы терминология мәселелерін талқыға салды. Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар термин жасауда түркітілдес мемлекеттер тәжірибесіне де назар аударды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы