Жаңалықтар

Қазақстанда Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың ашылу салтанаты өтті / ФОТО

2118

Кеше, 29-шы қаңтар күні кешкісін Алматыда Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиада ойындарының ашылу салтанаты өтті.

Дүбірлі доданың ашылу салтанатына Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) президенті Олег Матыцин қатысты. «Спорт - бейбітшілік пен татулықтың, ынтымақтастық пен тілектестіктің символы», - деп атап өткен Н.Назарбаев қатысушыларды дүниежүзілік мерекенің басталуымен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.

Almaty11.jpg

Салтанатты шара қазақ халқының тарихы мен мәдениетін танытатын қойылым мен ұлы көшпен басталды. Одан кейін Универсиадаға қатысатын 57 мемлекеттің спортшылар шеруі өтті. Жалпы, шараны "Алматы арена" спорт кешенінен 12 мың адам, ал телеарналар арқылы тікелей эфирден 80-нен астам елден 1 млрд көрермен тамашалаған.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Қанатыңды кең серпі» ұранымен өтіп жатқан 28-ші Универсиада қатысушылары спорттың 12 түрі бойынша бақ сынайды. Спорт додасы 8-ші ақпанға дейін жалғасады.

Almaty8.jpg

5Almaty4.jpg

Almaty7.jpg

Almaty4.jpg

5Almaty5.jpg

Almaty3.jpg

Almaty2.jpg

Almaty1.jpg


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы