Жаңалықтар

TWESCO басшысы Франция елшісімен кездесті

278

Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Францияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесті.


Кездесу барысында Академия басшысы TWESCO атқарып жатқан жұмыстар туралы айтты. Түркі академиясы бүгінде беделді халықаралық   ұйымға айналып отыр. Академия ЮНЕСКО, ИСЕСКО қатарлы бірқатар беделді халықаралық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Ұйым жетекшісі өз сөзінде биылғы сәуір айында TWESCO Қазақстан Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде «Рухани жаңғыру және мұраны насихаттау: жойылу қаупіндегі түркі тілдері» атты халықаралық форум өткізгенін атап өтті.

Кездесуде Филипп Мартинэ мырза Франция тарапының Академия жұмысына қызығушылық танытатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, тараптар Түркі Академиясы мен Франциядағы INALCO (Шығыс тілдері және өркениетінің ұлттық институты) тәрізді ғылыми мекемелер арасында байланыс орнату туралы, ынтымақтастықты дамыту және ортақ жобалар жасау, біріккен жобалар аясында кітаптар шығару сияқты бірқатар жайттарды талқылады. Бірге ұйымдастыратын ортақ жобалар арасында И.Кастанье сияқты қазақ даласын шарлап, көптеген ғылыми мұралар қалдырған белгілі тұлғалардың еңбектерін қайта басып шығару да бар.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты