Жаңалықтар

TWESCO -ға Мажарстан туы табыс етілді

1089

Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдау шарасын ұйымдастырды. Сонымен қатар, шара барысында Халықаралық Түркі академиясына бақылаушы мәртебесін алуына байланысты ұйымға Мажарстанның мемлекеттік туы табыс етілді.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Әзербайжан Республикасының елшісі Рашад Маммадов, Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани, Моңғолияның елшісі Лувсан Баттулга, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык, Өзбекстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев, Қырғызстанның Қазақстандағы елшісінің орынбасары Қайнарбек Токтомушев, Түркменстанның әскери атташесі Ягмыров Анымурад, ғалымдар мен түркологтар, масс-медиа өкілдері қатысты.


Салтанатты шарада сөйлеген сөзінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев: «Халықаралық Түркі академиясы Елбасының бастамасымен сегіз жыл бұрын құрылған болатын. Бүгінде бұл құрылым түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеу саласындағы айтулы жетістіктерінің арқасныда халықаралық деңгейде танымал ғылыми-интеллектуалды орталыққа айналып отыр. Академия көне дәуірден бүгінге дейін түркі әлемінің тарихы, тілі мен әдебиетін, мәдениетін зерттеу, түркі мемлекеттерінің әлемдік өркениеттегі орны мен ерекше үлесін, тьөлтума деректер негізінде аша отырып, жалпы түркі әлеміне қатысты ғылыми зерттеулерді үйлестіре білген бірегей орталыққа айналуда. Акадамияның қолға алған жұмысы өз құндылығын тек ғылыми тұрғыда ғана растап қоймай, түркі елдерінің интегарциясы мен өзара ықпалдастығына зор үлес қосып отырғанын айта кету керек»-,деді. Вице-министр өз сөзінде Академия әзірлеген «Ортақ түркі тарихы» оқулығына, «Ортақ түркі географиясы» және «Ортақ түркі әдебиеті» оқулықтарының әзірлену барысына, «Түркібарометр» әлеуметтанулық зерттеулеріне және «Аталар мирасы» мультимедиалық қорына   жоғары баға берді. Сонымен қатар, Түркі академиясының «Түркі интеграциясының тұжырымдамасын» әзірлегенін де айырықша атап өтіп, Мажарастанды Түркі кеңесі мен Түркі академиясына бақылаушы мәртебесін алғанымен құтттықтап, өзара ынтымақтастықтың нығаюына тілектестігін білдірді.

Академия президенті Дархан Қыдырәлі TWESCO-ға құрылтайшы мемлекеттердің Ұлттық күндерін өткізу ұйымда дәстүрге айналғанын, бүгінгі шараның Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналғанын атап өтті. TWESCO басшысы өз сөзінде Қазақстанның бастамасымен құрылған халықаралық ұйымдар да, сыртқы саясаттағы жетістіктеріміз бен түркі интеграциясындағы табыстарымыз да Тәуелсіздіктің жемісі екенін атап өтті. Сонымен қатар, Академия басшысы   ұйымға Мажарстанның бақылаушы мәртебесін алуы ұйымның халықаралық сахнада таныла түскендігінің белгісі екендігін айтты. «Түркі кеңесінің Шолпан атада өткен саммитінде Мажарстан академияға бақылаушы мәртебесін алған болатын. Бүгін Академия қабырғасында Мажарстанның туын көтердік»,-деді. Өз кезегінде Мажарстанның елшісі Андраш Барани: «Бұл мен үшін зор құрмет. Халықаралық Түркі академиясының штаб-пәтері Астанада орналасуының арқасында Мажарстан және Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар дамып келе жатқанын айта кетейін. Мажарстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамуына бауырлас халықтардың ортақ тарихи тамырларының әсерін сезуге болады. Сол себепті Мажарстанның мемлекеттік байрағын Түркі академиясының штаб-пәтеріне табыстаймыз»,-деді.

Жиын барысында Халықаралық Түркі академиясы түркі интегарциясы мен бауырлас елдердің ақпараттық саладағы ынтымақтастығына үлес қосып жүрген масс-медиа өкілдерін арнайы Алғыс хатпен марапаттады.




Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы