Жаңалықтар

TWESCO басшысы Қазақстан Сыртқы істер министрімен кездесті

1173

Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер    министрі Бейбіт Атамқұловпен кездесті. Кездесуде Халықаралық Түркі академиясының 2018 жылғы қортындылары талқыланып, ынтымақтастықтың перспективалары бекітілді.


Кездесу барысында 2019 жылы өткізу жоспарланған түркологтардың дүниежүзілік конгресіне дайындық жұмыстарының жайы да талқыланды. Тараптар аталған конгрестің күллі түркі әлемі үшін маңызды оқиға саналатынын, түркітанудың түлеуі мен осы ғылымның қазіргі жай-күйін, жетістіктерін, өзекті мәселелері мен перспективаларын терең сараптау үшін маңызды екендігіне тоқталды.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі түркі ынтымақтастығының дамуы жаңа бір кезеңінде өтіп жатқанын және Мемлекет басшысы түркі интеграциясына өте маңызды мән беретінін атап өтті. «Түркі халықтарының арасында бауырлас қатынастарды нығайту мен түркітану ғылымын түркі өркениетінің жетекшісі ретінде дамыту, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында бекітілген қағидаттарды жүзеге асыру қажеттіліктерін ескере келе, министрлік осы сұрақтарға зор назарын аударатынын және жоспарланған іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуде жан-жақты қолғабыс көрсетеді» - деді министр.

TWESCO басшысы Сыртқы істер министрлігі тарапынан Академия қызметіне көрсетілетін қолғабыс үшін үлкен алғысын білдірді. Кездесу шеңберінде ол 2019 жылдың ортасында ЮНЕСКО штаб-пәтерінде (Париж қ.) Түркі Академиясына мүше-мемлекеттер ғалымдарының қатысуымен өтетін «Ұлы дала: мәдени мұра мен дүниежүзілік тарихындағы рөлі» атты іс-шара жөнінде ақпарат берді.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук