Жаңалықтар

TWESCO басшысы «Мінбер» бағдарламасына қатысты

1271

Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) президенті Дархан Қыдырәлі «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Мінбер» саяси тоқ-шоуына қатысты. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай әзірленген болатын.


«Мінбер» бағдарламасына Академия басшысымен қатар «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс депутаты, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан, Мәдениет және спорт министрлігінің департамент директоры Әбіл Жоламанов қатысты.

Бағдарламада   Қазақстанда 2012 жылдан бері атап өтіліп келе жатқан «Тұңғыш Президент күніне» және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылған ойларды талқылауға арналды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.