Жаңалықтар

TWESCO басшысы Ш.Айтматовқа арналған конференцияға қатысты

141

Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) президенті Дархан Қыдырәлі Қырғызстанның Ош қаласында өткен «Адамзаттың Айтматовы: кеше, бүгін және болашақ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

         Танымал жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Ош мемлекеттік университетінің ректоры Каныбек Исаков қазан айының басында өткен шара кезінде оқу орнының ғылыми кеңесі қабылдаған шешімге сәйкес берілген «Құрметті профессор» атағын TWESCO басшысына ресми түрде тапсырды. Осыған орай Академия басшысы, тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырәлі университетте арнайы лекция оқыды.


Естеріңізге салар болсақ, биыл әйгілі жазушы Шыңғыс Айматовтың туғанынан 90 жыл толып отыр. Осыған орай Халықаралық Түркі академиясы жазушыға арнап бірқатар шара ұйымдастырған болатын. Атап айтқанда,  «Айтматов тағылымы» деген атпен Астана қаласында өткізген басқосу қазақ-қырғыз зиялыларының форумы саналған еді, онда Қырғызстанның мемлекет және қоғам қайраткері Османакун Ибраимовтың «Шыңғыс Айтматов. Империяның соңғы жазушысы» атты кітабының тұсауы кесілген еді.   Одан соң   ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Академия ұйымдастырған «Рухани жаңғыру және мәдени мұра: қадымнан келешекке түркі тілі» атты халықаралық форумда Ш.Айтматовтың мерейтойы арнайы атап өтілген болатын. Сонымен қатар, қазан айында TWESCO-ның ұйымдастыруымен Ошта ІІ қазақ-қырғыз зиялылары форумы өтті. Аталған форум да жазушының мерейтойына арналды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы