Жаңалықтар

TWESCO басшысы «Тұран» құрылтайына қатысты

568

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Мажарстанның Бугац қаласында өткен Х халықаралық «Тұран» халықтар құрылтайына қатысты. 10-12 тамыз аралығында өткен құрылтайға әлемнің 30 ға жуық мемлекетінен өкілдер келіпті.

         Академия басшысы құрылтай қарсаңында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының Будапешт қаласындағы ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Аталған шараға құрылтайға келген қазақ, қырғыз және башқұрт делегациясы да атсалысты. Одан соң Дархан Қуандықұлы Мажарстан Парламентінің вице-спикері, елдегі Демократиялық форум жетекшісі Шандор Лежак мырзамен кездесті. Басқосуда Лежак мырза Академия жұмысына зор баға берсе, TWESCO басшысы вице-спикерге Түркі академиясына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, TWESCO-ның Алтын медалімен марапаттады. Сонымен қатар, ұйым жетекшісі Мажарстан парламентінде сөз сөйледі.

38916091_2088158907862084_4437716538446839808_n.jpg

         «Тұран» халықтар құрылтайы барысында арнайы дөңгелек үстел отырысы болып, онда Академия президенті Моңғолиядағы Шивэт Улаан ғұрыптық кешенінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесімен таныстырды. Сонымен қатар, Халықаралық Түркі академиясы мен «Мажар-Тұран» қоры арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, TWESCO президенті «Тұран» халықтар құрылтайының негізін қалаушы әрі идеялық дем беруші Андраш Бироны Халықаралық түркі академиясының Алтын медалімен марапаттады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук